Еуропаның үздік бапкері велосипедтен жығылып, жарақат алды

Еуропаның үздік бапкері велосипедтен жығылып, жарақат алды

ПСЖ бас бапкері Луис Энрике велосипедтен жығылып, жарақат алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, испан маманының кеуде сүйегі сынып, ауруханаға жеткізілген, оған ота жасалады.

«Пари Сен-Жермен» бапкерге қолдау білдіріп, оның тезірек сауығып кетуін тіледі. Жаттықтырушының жағдайы туралы клуб жақында қосымша ақпарат береді.

Айта кетейік, Луис Энрике париждік клубты 2023 жылдың жазынан бері жаттықтырып жүр. Оның жетекшілігімен ПСЖ өткен маусымда Чемпиондар лигасын, чемпионатты, кубокты және Франция суперкубогын жеңіп алған болатын.

Әлем чемпионатына шыққан тағы үш құрама белгілі болды

«Қайраттан» жеңілген клуб «Манчестер Сити» түлегін қатарына қосты

Колумбияда футболшы әйел төрешіні ұрып жіберді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или