«Реал» жұлдызы Франция құрамасындағы гол саны бойынша Анриді қуып жетті

«Реал» жұлдызы Франция құрамасындағы гол саны бойынша Анриді қуып жетті

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі матчта Украина қақпасына гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реал Мадрид» шабуылшысы матчтың 82-минутында әріптесі Орельен Тчуаменидің пасынан кейін гол соқты.

Осылайша, Мбаппенің ұлттық құрама сапындағы гол саны 51-ге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша 26 жастағы Мбаппе Тьерри Анриді қуып жетіп, ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан ойыншылар тізімінде екінші орынға шықты, бірінші орында Оливье Жиру (57 гол) тұр.

Мбаппе 51 голды 91 матчта соқты, Анри бұл көрсеткішке 123 матчта жеткен. Жиру – ұлттық құрама сапында 137 ойын өткізген. 

«Қайрат» грузиялық легионерімен қоштасқанын мәлімдеді

Танымал қазақстандық маман Әли Әлиевтің жұмысына баға берді

Кейінге шегерілген «Тобыл» - «Ордабасы» арасындағы матч қашан өтетіні белгілі болды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или