Әлем чемпионаты: үшінші күннің тікелей трансляциясы

Бүгін, 6 қыркүйекте Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының атынан 1/16 финалда шығатын екі ер мен екі әйел қатысады: Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін).
Қазақстандық боксшылар рингке Астана уақыты бойынша 15:00 және 22:00-де басталатын күндізгі және кешкі сессияларда шығады.
Кездесулердің тікелей көрсетілімі «Qazsport» және SPORT+ телеарналарында көрсетіледі.
Айта кетейік, бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты қыркүйектің 4-і мен 14-і аралығында өтеді.
Жанқош Тұраровтың Алматыдағы жекпе-жегі үш ноудаунмен бітті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или