Заңғар Нұрланұлы US Open турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
17 жастағы қазақстандық финалға жолдама үшін турнирдің басты фавориті болгариялық Иван Ивановпен кездесті. Нұрланұлы екі сетте қарсыласына 1:6, 4:6 есебімен жол берді.
Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.
Осылайша Заңғар Нұрланұлы US Open-2025 турниріндегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.
Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыстан шығып қалды
Джокович US Open турнирінде тағы бір рекордтық нәтижеге қол жеткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или