Қазақстан - Уэльс. Тимур Досмағамбетов матч жайлы пікірін айтты

Қазақстан - Уэльс. Тимур Досмағамбетов матч жайлы пікірін айтты

«Оқжетпес» сапында ойнайтын, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Тимур Досмағамбетов Астанада өткен Уэльспен іріктеу ойыны жайлы Legalbet.kz басылымына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан жаман көрінген жоқ, әсіресе екінші тайм ұнады. Тек соңғы пас пен соққы жетіспеді. Футболды түсінетін адамдар біледі: егер сен гол соға алмасаң, ал саған бәрі гол болып кіріп жатса, онда бір нәрсе дұрыс жасалмай жатыр деген сөз – футболда ұсақ-түйек болмайды. Жалпы, қазір біздің команда жас, дұрыс жолға қойылса, жарқ етіп шығуы мүмкін!» – деді танымал футболшы.

4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльс командасына 0:1 есебімен есе жіберіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. 7 қыркүйекте Әли Әлиевтің шәкірттері Брюссельдің Андерлехт ауданында Бельгиямен ойнайды.

36 жастағы сол қаптал қорғаушы Досмағамбетов 2015–2023 жылдар аралығында Қазақстан құрамасында 21 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген.

«Қайрат» грузиялық легионерімен қоштасқанын мәлімдеді

Танымал қазақстандық маман Әли Әлиевтің жұмысына баға берді

Кейінге шегерілген «Тобыл» - «Ордабасы» арасындағы матч қашан өтетіні белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или