«Ойынына қарап өстім». «Реал Мадрид» вингері Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді

«Ойынына қарап өстім». «Реал Мадрид» вингері Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді

«Реал Мадрид» вингері Франко Мастантуоно Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мессимен ойнау арманым болатын. Онымен бірге «Ривердің» стадионында доп тебу мүмкіндігіне ие болу – ғаламат. Бұрын айтқанымдай, Лео бала кезден менің кумирім болды. Соның ойынына қарап өстім», – деді футболшы.

Еске салайық, 18 жастағы вингер маусым айында Чилиге (1:0) қарсы өткен әлем чемпионатының іріктеу матчы кезінде Аргентина құрамасында алаңға шығып, дебютін өткізген болатын.

Әлем чемпионатына шыққан тағы үш құрама белгілі болды

«Қайраттан» жеңілген клуб «Манчестер Сити» түлегін қатарына қосты

Колумбияда футболшы әйел төрешіні ұрып жіберді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или