Литвалық UFC файтері Анкалаев – Перейра реваншына қатысты болжам жасады

Литвалық UFC файтері Модестас Букаускас ресейлік Магомед Анкалаев пен бразилиялық Алекс Перейра арасындағы алдағы реваншқа қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Наурыз айында Анкалаев Перейраны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы атанған еді.
«Өз басым Анкалаев тағы да өз жұмысын атқарады деп сенемін. Әрине, Перейра өте қуатты, ол жекпе-жектің барлық қырында мықты көрінеді — біз оның алғашқы кездесуде тейкдаундардан қалай қорғана алғанын да байқадық. Бірақ мен қазір Анкалаевтың уақыты келді деп ойлаймын. Ол алғашқы айқаста тамаша өнер көрсетті, екінші жекпе-жекте де соны қайталайды», — деді Букаускас MMA Junkie басылымына берген сұхбатында.
Магомед Анкалаев пен Алекс Перейра UFC 320 турнирінде, 5 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жартылай ауыр салмақтағы титулдық реваншта кездеседі.
«Дағыстандық қазақ» Костамен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді