Балауса Мұздыман титулды жекпе-жекте үндістандық боксшыны жеңді

Балауса Мұздыман титулды жекпе-жекте үндістандық боксшыны жеңді

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (8-0, 6 КО) Алматыдағы бокс кешінде үндістандық Мамта Сингхпен (7-2-1, 4 КО) кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионының бос белбеуі сарапқа салынды. Жекпе-жектің төртінші раундында Мұздыман техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бірінші, екінші және төртінші раундтарда рефери Сингхке нокдаун санады.

Осылайша, Балауса Мұздыман кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, екінші аса жеңіл салмақта UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Ал Мамта Сингх кәсіпқой рингте үшінші рет жеңіліп қалды.

Қазақстандық боксшы Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде өзбек спортшысын жеңді

Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер жекпе-жек өткізбек

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или