Фарух Тохтасунов өзбекстандық Шохрух Ашуровтан басым түсті

Фарух Тохтасунов өзбекстандық Шохрух Ашуровтан басым түсті

Қазақстандық боксшы Фарух Тохтасунов (2-0, 1 КО) Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде өзбекстандық Шохрух Ашуровпен (3-15-1, 1 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті. Кездесуде Тохтасунов мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Екінші раундтан кейін қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Фарух Тохтасунов кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне жетті, ал Шохрух Ашуров мансабында он алтыншы ре жеңіліп қалды.

Еске салайық, Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әли Ахмедов (23-2, 17 КО) танзаниялық Джозеф Майгвисиямен (14-4, 10 КО) кездеседі.

Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер жекпе-жек өткізбек

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или