Қазақстан хоккей клубтарын үлкен өзгерістер күтіп тұр

Қазақстан хоккей клубтарын үлкен өзгерістер күтіп тұр

Қазақстан хоккей клубтары жаңа маусымды легионерлерсіз бастауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Головой об лед» басылымына сілтеме жасап.

Ақпарат көзіне сенсек, клубтарға шетелдік ойыншылардың құжаттарын ретке келтіру үшін қосымша уақыт берілген.

Әңгіме хоккейшілердің бұрынғы азаматтығынан ресми түрде бас тартуы туралы болып отыр — соңғы жылдары көптеген спортшылар азаматтығын ауыстырған.

Бұл жағдай 29 қаңтарда қабылданған жаңа заңмен тікелей байланысты: Мәжіліс депутаттары мемлекеттік және квазимемлекеттік қаражат есебінен шетелдік спортшыларды қаржыландыруға тыйым салатын өзгерістерді мақұлдады. Енді азаматтығы немесе құжаттары күмән тудыратын легионерлерді қаржыландыру мүмкін болмай отыр.

Осыған байланысты клубтар жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр — не ойыншылардың құжаттарын заңға сәйкестендіруі керек, не отандық хоккейшілерден балама іздеуі қажет.

«Барыс» легионерлерін тек демеушілер қаржыландырады

«Снежные Барсы» маусымдағы алғашқы матчын өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или