Қазақстандық дзюдошылар III Түркі универсиадасында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар III Түркі универсиадасында төрт медаль жеңіп алды

Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Түркі универсиадасында Қазақстан студенттері жақсы өнер көрсетуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық дзюдошы қыздар бүгінгі жарыс күнінде үш бірде медаль еншіледі.

Баишев университетінің студенті Гүлнұр Баханова Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды. Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің студенті Іңкәр Тулепбергенова күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Нұршат Кемелханқызы қола жүлдені жеңіп алды.

– Жалпы есепте Қазақстан студенттері 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Бұл жетістік – жас спортшыларымыздың еңбегі мен жігерінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар еліміздегі студенттік спорттың қарқынды дамуының айқын дәлелі, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында. 

Қазақстандық дзюдошы Болгариядағы біріншілікте үздік үштікке енді

Ернұр Батырғали кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында тағы екі жүлде жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или