Карина Ибрагимова әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Англияда өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз World Boxing Әлем чемпионатының 1/16 финалында (57 кг) грекиялық Панагета Кузилуды 5:0 есебімен жеңді.
1/8 финалда отандасымыз словакиялық боксшымен күш сынасатын болады. Жекпе-жек 7 қыркүйекке жоспарланған.
Айта кетейік, Карина Ибрагимованың қоржынында әлем чемпионатының күміс және қола медальдары бар.
Қазақстан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Бокстан ӘЧ: Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алғашқы жекпе-жек аяқталды
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или