Астаналық «Жеңіс» клубының бас бапкері қатаң жазаланды

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Қазақстан футбол федерациясының Қадағалау, тәртіптік және этикеттік комитетінің отырысы өткізілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жиын барысында «Жеңіс» клубы айыппұл арқалап, бас бапкері алдағы ойындардан шеттетілді.
«Жеңіс» – «Астана» командалары арасындағы 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты 22-турындағы матчта ресми тұлғаларға бағытталған қаралау сөздері мен этикаға тыс әрекет жасағаны үшін, «Жеңіс» командасының бас бапкері Андрей Демченко ДР-дың 45-бабының 1) тармақшасына сәйкес 4 (төрт) матчқа шеттетілді. Шеттетілу мерзімі 2025 жылғы 24 тамыздан басталады.
Қазақстан өз алаңында Уэльске жол берді
Қазақстан - Уэльс: Қасаболат құрамадағы дебютінен кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или