Әлем чемпионатына жолдама алған тағы үш құрама анықталды

Әлем чемпионатына жолдама алған тағы үш құрама анықталды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне тағы үш құрама жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мұндай мүмкіндікке Оңтүстік Америка құрлығынан Уругвай, Колумбия және Парагвай құрамалары ие болды.

Өз алаңында Уругвай құрамасы Перуді, Колумбия Боливияны 3:0 есебімен жеңсе, Парагвай мен Эквадор 0:0 есебімен тең түсті. Нәтижесінде Уругвай 27, Колумбия мен Парагвай 25 ұпай жинап, әлем чемпионаты жолдамасына қол жеткізді. Сондай-ақ дүбірлі додаға Аргентина, Эквадор, Бразилия құрамалары шығып қойған еді.

Оңтүстік Америка құрлығы бойынша іріктеу кезеңінің аяқталуына небәрі бір ғана тур қалды. Енді 9 қыркүйекте Чили мен Уругвай, Боливия мен Бразилия, Венесуэла мен Колумбия, Перу мен Парагвай, Эквадор мен Аргентина ойнайды. 

Қазірге дейін әлем чемпионатына АҚШ, Канада, Мексикадан өзге Азиядан Жапония, Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Аустралия, мұхит аймағынан Жаңа Зеландия қатысатыны белгілі болды.

Әзірге Африка, Солтүстік Америка мен Еуропадан ешқандай құрама шыға алған жоқ. Олар іріктеу кезеңін қараша айында аяқтайды.

Айта кетейіе, Әлем чемпионатында алғаш рет 48 құрама сынға түседі.

Бразилия әлем чемпионатына іріктеуде ірі есеппен жеңіске жетті

Әлем чемпионатына іріктеу: Аргентина Мессимен бірге ірі есеппен жеңіске жетті

Италиялық қақпашы «Манчестер Сити» қақпасын күзетеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или