Үстел теннисінен Алматыда өтіп жатқан WTT Contender турнирі: қазақстандықтардың плей-оффтағы нәтижелері

Алматыда үстел теннисінен WTT Contender турнирі жалғасуда.
Кезекті жарыс күнінде бірнеше қазақстандық спортшы плей-офф кезеңінде өнер көрсетіп, жеңіске жетіп, турнирлік кестеде жоғарылады.
Алан Құрманғалиев аустралиялық Хван Бейді 3:0 есебімен ұтып, 1/8 финалда Қытай спортшысы Чен Юнсонмен өзара мықтыны анықтайды.
Аралас жұптық сайыс, 1/8 финал.
Владислав Захаров пен Ангелина Романовская Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадированы 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде олар қытайлық жұп Сюэ Фэй мен Цянь Тяньимен кездеседі.
Ерлер арасындағы жұптық сайыс, 1/8 финал.
Ескендір Харки мен Ырысбек Артықметов вьетнамдық Нгуен Ань Ту және мексикалық Лайан Нойман жұбын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда қазақстандықтар жапониялық Сорри Мацусима мен Сюнсуке Тогамиге қарсы ойнайды