Қақпашы Антонио Эдсон дос Сантос Соуза матч кезінде көз жұмды

Қақпашы Антонио Эдсон дос Сантос Соуза матч кезінде көз жұмды

Бразилияның Пара штатында өткен аймақтық футзал турнирінде қайғылы жағдай болды. Қақпашы Антонио Эдсон дос Сантос Соуза, ойыншылар арасында Пиксе деген атпен танымал спортшы, матч барысында өмірден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Аугусту-Корреа муниципалитетінде өткен ойын кезінде тіркелді. Қақпашы айып добын кеудесімен тосып, сейв жасаған сәтте командаластарымен қуана жүгіре бастады. Алайда бірер секундтан кейін кенеттен есінен танып, жерге құлаған.

Оған дереу медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер спортшыны аман алып қала алмады. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Футзал федерациясы қаза болған қақпашының жақындары мен туыстарына көңіл айтты.


Қазақстандық чемпион клуб Суперкубок алдында апатқа түсті

«Қайрат» бразилиялық шабуылшы Атирсон Оливейраны қатарға қосты

«Семей» Бразилияның үздік бомбардирін қатарына қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или