Самородов Сәтпаевпен алаңдағы қарым-қатынасы жайлы айтты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльспен (0:1) ойынынан кейін шабуылдағы серіктесі Дастан Сәтпаевпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
"Ойында бірнеше рет бір-бірімізді түсінбей қалуымыздың себебін дөп басып айту қиын. Біз бірге бір апта ғана жаттығамыз, сосын өз клубтарымызға кетеміз. Барынша тырысып жүрміз. Уақыт өте келе бәрі жақсарады", - деді Самородов.
Еске салайық, Қазақстан төрт турдан кейін үш ұпаймен J тобында төртінші орында тұр. Бір кездесуде құрама Лихтенштейн құрамасын жеңіп, үш ұпайға ие болды.
Қазақстан өз алаңында Уэльске жол берді
Қазақстан - Уэльс: Қасаболат құрамадағы дебютінен кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или