Уразбахтин «Реалмен» болатын ойын алдындағы әсерімен бөлісті

Уразбахтин «Реалмен» болатын ойын алдындағы әсерімен бөлісті

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің бесінші турында Қазақстан мен Уэльс құрамалары арасындағы (0:1) матчты қорытындылады. Бұл ойында оның командасының бірнеше футболшысы алаңға шыққан болатын, деп хабарлайды Prosports.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Бапкердің айтуынша, оның ойыншылары — Темірлан Анарбеков, Дастан Сатпаев және Дамир Қасабулат — өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындап, сенімді ойын көрсетті.

— Анарбеков өте сенімді ойнады, бірнеше сәтте құтқарып қалды. Гол соғылған эпизодта да әрекет етті, бірақ, өкінішке қарай, допты қайтадан соғып үлгерді, — деді Уразбахтин.

Оның айтуынша, Қасабулат та жоғары деңгейде ойнап, жан-жақты ойын үлгісін көрсетті.

Сондай-ақ бапкер жартылай қорғаушы Тапаловтың тізесінен аздаған жарақат алғанын, алайда алдағы матчтарда командаға көмектесе алатынын айтты.

— Ол «Спортингке» қарсы матчқа дейін толық жазылып үлгереді деп ойлаймын. Тіпті Бельгиямен болатын ойынға да дайын болуы мүмкін, — деді ол.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алдағы ойыны туралы айта келе, Уразбахтин мадридтік «Реалмен» болатын кездесуді ерекше оқиға деп атады.

— Мүмкін, оларды көзбе-көз көрген кезде ғана бұл шындық екенін түсінетін шығармыз. Қазір бәрі ертегі сияқты сезіледі, — деді ол.

Уразбахтиннің айтуынша, клубтың топтық кезеңдегі басты мақсаты — Қазақстанды лайықты деңгейде таныту және әр матчқа барынша дайын болу.

Еске салайық, бүгін Қазақстан құрамасы Уэльс командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев жеңіліс себебін түсіндірген болатын.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 7 қыркүйекте Брюссельде Бельгияға қарсы өткізеді.


Қазақстан өз алаңында Уэльске жол берді

Қазақстан - Уэльс: Қасаболат құрамадағы дебютінен кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или