Бокстан әлем чемпионаты. Тікелей эфир. Екінші күн

Ливерпульде бокстан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир Бүкіләлемдік бокстың демеушілігімен алғаш рет өткізіліп отыр.
Әлем чемпионатының бірінші күнінде қазақстандық Элина Базарова өзбекстандық Нигина Уктамовадан (54 келіге дейінгі салмақ дәрежесі. 1/16 финал) ұтылса, Сағындық Тоғамбай британдық Исаак Окодан (90 келіге дейін. 1/16 финал) ұтты.
Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының намысын екі спортшы қорғайды.
Күндізгі сессияда рингке мына боксшылар рингке шығады:
- 57 келі салмақта (1/16 финал) Карина Ибрагимова мен Панадиота Коузилоу (Грекия) - В рингіндегі алғашқы жекпе-жек
- 65 келі салмақта (1/16 финал) Аида Әбікеева мен Лука Хамори (Венгрия) - А рингіндегі жетінші жекпе-жек.
Күндізгі сессия Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.
Кешкі сессия сағат 22:00-де басталады.
Тікелей трансляция мына сілтеме бойынша қолжетімді болады.
Қазақстан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Бокстан ӘЧ: Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алғашқы жекпе-жек аяқталды
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды