US Open-2025: Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шықты

US Open-2025: Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің жартылай финалисті атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда 17 жастағы қазақстандық ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездесіп, қарсыласын екі сетте – 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Дерепаско бұл матчта фаворит саналған еді.

Бүгінге дейін жастар арасындағы US Open турнирінде қазақстандық теннисшілер жартылай финалға шығып көрмеген.


Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыстан шығып қалды

US Open: әйелдер арасындағы жартылай финалдық жұптар анықталды

Джокович US Open турнирінде тағы бір рекордтық нәтижеге қол жеткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или