Бек Нұрмағанбет Ресейдің үздік боксшыларын атады

Бек Нұрмағанбет Ресейдің үздік боксшыларын атады

Екінші орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Ресей тарихындағы үздік боксшылар тақырыбын қозғап, кімнің жекпе-жектерінен шабыт алғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Ресейлік бокстың тарихын аса жақсы біле бермеймін. Бірақ Костя Цзюді жақсы білемін. Ол керемет чемпион болды, кәсіпқой бокста абсолют әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ Ресейдің көптеген боксшыларын танимын. Роман Романчук, Олег Саитов, Андрей Замковой, Алексей Тищенко. Мен олардың әуесқой бокстағы жекпе-жектерін үнемі көріп жүретінмін, — деді Бек Нұрмағанбет Betonmobile-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, соңғы бірнеше жыл бойы Бек Нұрмағанбет Сауль Альварестің спарринг-серіктесі әрі оның командасының бір бөлігі болып келеді. Келесі жекпе-жегін Бек 10 қыркүйекте Лас-Вегаста Стивен Самптерге қарсы өткізеді. Ал кейінгі Нұрмағанбет биыл сәуір айында өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Бокстан ӘЧ: Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алғашқы жекпе-жек аяқталды

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды

Астанада «Қазақстан бокс федерациясының кубогы» турнирінің ширек финалы өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или