Қазақстан - Уэльс: Қасаболат құрамадағы дебютінен кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дамир Қасаболат 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Уэльске қарсы өткен (0:1) дебюттік ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ойын өте қиын болды, көп жүгірдік. Осындай ойын үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Ең алдымен, мұндай матчтарды ұту үшін өз сәттерімізді пайдалануымыз керек. Барлық жігіттер жүз пайыз күшін салды», — деді Қасаболат.
Еске салайық, Қазақстан - Уэльс кездесуі «Астана Аренада» өтіп, 21 жастағы қорғаушы үшін ұлттық құраманың сапындағы алғашқы ресми матч болды.
«Спортинг» «Қайратқа» ойын алдында негізгі шабуылшыларының бірінен айырылды
«Қайраттан» жеңілген клуб «Манчестер Сити» түлегін қатарына қосты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или