Элина Базарова бокстан әлем чемпионатында қарсыласына жол берді

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алғашқы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
54 келіге дейінгі салмақта өткен 1/16 финалда қазақстандық Элина Базарова өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездесіп, 5:0 есебімен қарсыласына жол берді. Үшінші раундта қазақстандық боксшы нокдаунға түсті.
Осылайша, Нигина Уктамова әлем чемпионатының 1/8 финалына шықса, Элина Базарова турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды
Астанада «Қазақстан бокс федерациясының кубогы» турнирінің ширек финалы өтеді