«Спортинг» сапынан негізгі шабуылшыларының бірі кетті

«Спортинг» сапынан  негізгі шабуылшыларының бірі кетті

Лиссабондық «Спортинг» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алматылық «Қайратқа» ойын алдында негізгі шабуылшыларының бірінен айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.

Германиялық «РБ Лейпциг» форвард Конрад Хардердің трансферін рәсімдеп, бұл келісім үшін 24 миллион еуро төледі. Футболшы бес жылдық келісімшарт жасасты, жаңа командасында ол 11-нөмірмен өнер көрсетеді.

Хардер «Спортингке» 2024 жылдың күзіне қарай қосылып, сол уақыттан бері лиссабондықтар сапында 52 матч өткізіп, 12 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген болатын. Енді португалиялықтар Чемпиондар лигасын онсыз бастауға мәжбүр.

«Спортинг» – «Қайрат» матчы 19 қыркүйекке қараған түні Лиссабонда өтеді және бұл алматылықтар үшін турнирдің жалпы кезеңіндегі алғашқы сынақ болмақ.

«Қайраттан» жеңілген клуб «Манчестер Сити» түлегін қатарына қосты

Қазақстан өз алаңында Уэльске жол берді

Қазақстан - Уэльс матчына бейнешолу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или