Келечи Ихеаначо еркін агент ретінде «Селтик» сапына қосылды

Келечи Ихеаначо еркін агент ретінде «Селтик» сапына қосылды

Нигерия құрамасының 27 жастағы шабуылшысы Келечи Ихеаначо еркін агент ретінде «Селтик» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы шотландиялық клубпен еңбек келісімшартын жасасты, оның мерзімі 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Келісімшартта тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Ихеаначо – «Манчестер Сити» клубының түлегі, ересектер деңгейінде де осы команданың намысын қорғаған. Бұдан бөлек, ойыншы «Лестер Сити», «Севилья» және «Мидлсбро» сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол клубтық деңгейде 26 матч өткізіп, төрт гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Ихеаначоның трансферлік құны €4,5 млн деп бағаланады.

Италиялық қақпашы «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

ФИФА: 2025 жылғы жазғы трансферлік терезе тарихта рекорд орнатты

Колумбияда футболшы әйел төрешіні ұрып жіберді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или