Қазақстан Уэльс қақпасына гол соға алған жоқ

Қазақстан Уэльс қақпасына гол соға алған жоқ

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің төртінші турында өз алаңында Уэльске есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанада өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жеңіс голын 24-минутта «Рексэм» шабуылшысы Киффер Мур соқты. Екінші таймда Қазақстан таразы басын теңестіруге тырысты. Екі рет допты қарсылас қақпасының маңдайшасына тигізді. Бірақ үзілістен кейінгі тоғыз соққының бірін де голға айналдыра алмады.

Уэльс құрамасы 5 матчтан кейін 10 ұпай жинап, J тобында көш бастады. Қазақстан төрт ойында үш ұпаймен 4-орында тұр.

Дүйсенбіге қараған түні Қазақстан сырт алаңда Бельгиямен ойнайды.

Қазақстан – Уэльс – 0:1
Гол: Киффер Мур 24

«Уэльс екі-үш доп айырмасымен жеңіске жетеді». Уэльстің мың жанкүйері «Астана Аренаға» келе ме?

Арно Пайперс: «Қазақстан Уэльстен мықты болады деп сенемін»

Уэльске қарсы матчта Асхат Тағыберген мен Александр Марочкинге құрмет көрсетіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или