Алекс Перейра: «Ешқандай бұзу болмаған, твитті өзім жаздым»

Алекс Перейра: «Ешқандай бұзу болмаған, твитті өзім жаздым»

Көктемде UFC жанкүйерлерін таңғалдырған жағдай болды: Алекс Перейра әлеуметтік желіде мансабын аяқтайтынын меңзеген еді. Кейін ол аккаунтымды «біреу бұзды» деп түсіндірген. Бірақ енді бұл рас емес екенін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Перейраның жаттықтырушысы Плинио Крус Ариэль Хельваниға берген сұхбатында: «Бұл жай ғана түсінбеушілік болды. Алекс жазған твитіне бірден өкінді. Ол кезде Анкалаевпен реванш жайлы келіссөздер жүріп жатқан, бірақ Перейра толық ақпаратқа ие болмады. Ол өзін айналып өтеді деп ойлап қалды», – деді.

Крус сөзінше, Перейраның ашулануына Анкалаевтың Иржи Прохазкамен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген сыбыстар себеп болған. «Алекс ренжіді, себебі оған реванш уәде етілген болатын», – деді ол.

Айта кетейік, Анкалаев бұл уақыт бойы Перейраның реванштан қашып жүргенін айтқан. Алайда командасы жекпе-жек бастапқыдан күзге жоспарланғанын, себебі бразилиялық спортшыға өткен жылдың ауыр кестесінен кейін уақыт керек болғанын жеткізді.

Реванш Анкалаев – Перейра арасындағы айқас 4 қазан күні Лас-Вегаста өтіп, UFC 320 турнирінің басты жекпе-жегі болады. Еске салсақ, наурыздағы алғашқы кездесуде Магомед ұпай санымен жеңіске жеткен еді.

Николай Веретенников UFC 320 турнирінде америкалық файтермен кездеседі

Артем Резников Алматыда жекпе-жек өткізеді

Асу Алмабаев қазақстандық жанкүйерлерге мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или