Жарасбаев: «Чемпиондар лигасы ойынына билеттерді тек ресми арналардан алу керек»

Жарасбаев: «Чемпиондар лигасы ойынына билеттерді тек ресми арналардан алу керек»

Алматыдағы «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасы матчының билеттері ойынға он күн қалғанда сатыла бастайды, деп хабарлайды  Prosports.kz

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, дайындық жұмыстары «Қайрат» клубымен бірге жүргізіліп жатыр, ал билеттерді сату ісіне толықтай алматылық клуб жауапты.

«Егер матч 30 қыркүйекте өтсе, онда сатылым шамамен 20-сы күні басталады», – деді Жарасбаев.

Сондай-ақ ол билеттерді тек клубтың ресми арналарынан – сайтынан немесе әлеуметтік желідегі расталған парақшаларынан алу қажеттігін ескертті. Жанкүйерлерді үшінші тарап ресурстарынан болуы мүмкін жасанды билеттерге алданып қалмауға шақырды.

Қазақстан құрамасы жаттығу өткізді

Ұлттық құрама Асхат Тағыберген мен Александр Марочкинге құрмет көрсетпек

Ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жарақат алып қалған

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или