Сәкен Мусайбеков клуб бюджеті жайлы түсініктеме берді

«Барыс» хоккей клубының бас директоры Сәкен Мусайбеков команданың қаржыландырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, жаңа заңға сәйкес легионерлердің жалақысы мемлекеттік бюджеттен немесе квазимемлекеттік сектор есебінен төленбеуі тиіс.
«Қазір шамамен 20 жігітіміз «Барыста» Михаил Григорьевтің қол астында дайындалып жатыр. Сонымен қатар біз сегіз легионерді шақырдық. Олардың жалақысы мен барлық келісімшарттары тек демеушілердің қаражаты есебінен өтеледі. Жақын күндері олардың есімдерін жариялауым мүмкін», – деді Мусайбеков.
«Команданың бас сәулетшісі». Михаил Кравецтің «Барыстағы» мақсаты белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или