Экс-бапкер Пайперс ұлттық құрамаға сенім білдірді

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Арно Пайперс ұлттық команданың Уэльспен ойынына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 4 қыркүйекте Астанадағы «Астана Аренада» өтеді, басталуы – 19:00. Ал үш күннен кейін қазақстандықтар сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.
«Уэльспен матч Қазақстан үшін жақсы мүмкіндік болуы тиіс. «Қайраттың» Чемпиондар лигасына шыққанынан кейін ойыншылар көтеріңкі көңіл-күйде. Сондықтан мен оң нәтиже күтемін. Уэльс мықты, бірақ Қазақстан одан да жақсы ойнайды деп сенемін. Әсіресе мен Али Алиевке сенемін», – деді Пайперс.
Сондай-ақ ол алдағы Бельгиямен матчтың қиынырақ болатынын атап өтті: «Бұл құрамамен болған өз ойындарымды жақсы білемін: сырт алаңдағы 0:0 есебі және үйдегі 2:2 нәтижесі».
Айта кетейік, 66 жастағы маман Қазақстан құрамасын 2005 пен 2008 жылдар аралығында жаттықтырып, команданың тарихындағы ең үздік бапкерлердің бірі саналады.
Қазақстан құрамасы жаттығу өткізді
Ұлттық құрама Асхат Тағыберген мен Александр Марочкинге құрмет көрсетпек