Хавьер Боливардың әрекеті әлеуметтік желіде дүрбелең тудырды

«Депортиво Кике» ойыншысы Хавьер Боливар Колумбия Примера C лигасындағы матчта алаңнан қуылған соң төрешіге қол көтерді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ванесса Себальос атты төреші футболшыны алаңнан шығарып жіберген. Бұған ашуланған Боливар оның бетіне соққы жасаған. Оқиға камераға түсіп, әлеуметтік желілерде тез тарады. Бұл жағдай спорт әлемінде де, одан тыс жерлерде де үлкен сынға ұшырады.
Магдалена футбол лигасы атынан Роксана Арриета Крус мәлімдеме жасап, кез келген зорлық-зомбылыққа – мейлі ол ауызша болсын, мейлі физикалық болсын – жол берілмейтінін айтты.
Кейін Боливар да ресми түрде кешірім сұрады. Ол төрешінің ысқырығын алмақ болғанын, бірақ әрекеті орынсыз әрі өрескел көрінгенін мойындады. Футболшы төрешіден, жанкүйерлерден, отбасынан және командасынан кешірім сұрап, мұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде берді.
Қазір бұл іс спорттық органдар қарауында. Алдағы уақытта оған қатысты жаза түрі анықталады.
«Байер» клубы бас бапкерімен қоштасты
Италиялық қақпашы «Манчестер Сити» қақпасын күзетеді
Эрлинг Холанд АПЛ рекордын жаңартты