«Клипперс» жұлдызы айналасындағы жанжал НБА назарында

«Клипперс» жұлдызы айналасындағы жанжал НБА назарында

НБА «Лос-Анджелес Клипперс» ойыншысы Кавай Леонардқа қатысты жарнамалық келісім бойынша жанжалға тексеріс бастағанын хабарлады, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Леонардтың 28 миллион долларлық маркетингтік келісім арқылы жалақы шегін айналып өтпек болғаны айтылған. Бұл ақпарат блогер Пабло Торренің подкастында жарияланып, онда Сан-Францискода орналасқан Aspiration экокомпаниясы Леонардпен төрт жылдық серіктестікке қол қойғаны, бірақ оның жалған келісім болғаны айтылған.

Алайда «Клипперс» айыптауларды жоққа шығарды. Клубтың мәлімдемесінде Балмер де, «Клипперс» те ешқандай ережені бұзбағаны және Aspiration компаниясымен байланыс 2022/23 маусымында тоқтатылғаны айтылған.

Айта кетейік, Кавай Леонард 2019 жылы «Клипперске» ауысып, клубпен 141 миллион доллар тұратын төрт жылдық келісімшартқа қол қойған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или