Әлемдік футбол жазда 10 миллиард долларға жуық қаржы жұмсады

ФИФА 2025 жылдың жазында ерлер және әйелдер футболында трансфер рекорды тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 маусым мен 2 қыркүйек аралығында ерлер арасында 12 мыңға жуық, әйелдер клубтарында 1100-ден астам ауысым жасалған. Жалпы шығын көлемі 9,76 миллиард долларды құрап, жазғы трансферлік терезелер тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл сома 2024 жылмен салыстырғанда 50 пайызға көп.
Ең көп қаржы жұмсаған ел – Англия. Бұл елдің клубтары 3 миллиард доллардан астам қаражат салған. Ал «Ливерпуль» бір трансферлік кезеңде 483 миллион еуро шығындап, әлемдік рекорд орнатты.
«Байер» клубы бас бапкерімен қоштасты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или