«Уэльс екі-үш доп айырмасымен жеңіске жетеді». Уэльстің мың жанкүйері «Астана Аренаға» келе ме?

«Уэльс екі-үш доп айырмасымен жеңіске жетеді». Уэльстің мың жанкүйері «Астана Аренаға» келе ме?

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында қыркүйекте Уэльс және Бельгия құрамасына қарсы матч өткізеді. 

Prosports.kz тілшісі Уэльстің белгілі футбол журналисі, УЕФА ресми сайты (UEFA.com) мен Уэльс футбол ассоциациясының тілшісі Марк Питмэн Астанадағы матч туралы сұхбаттасты.  

Марк, Қазақстан – Уэльс матчы біздің іріктеу тобы үшін қаншалық маңызды деп ойлайсыз?

- Бұл топтағы әрбір матч маңызды және іріктеу турнирі аяқталғанға дейін күтпеген нәтижелер болуы мүмкін. Уэльс топтағы алғашқы екі орынның біріне табан тіреуге ниетті, демек Бельгия мен Солтүстік Македонияны ұзатып алмау үшін бұл матчта жеңіске жетуі өте маңызды. Ал Қазақстан екінші орынға таласқысы келсе, өз алаңында ұпай жинаудың маңызы өте жоғары.

- Уэльс құрамасы Қазақстанға толық құраммен келді ме?

- Жоқ, жарақат алған негізгі құрам ойыншылары бар, мысалы, Итан Ампаду мен Джо Родонды айтуға болады. Бірақ бас бапкер Крейг Беллами тағайындалғаннан бері осындай жағдаймен күресу үшін құрамаға бірқатар футболшыларды шақырды. Жарақаттарға қарамастан, командада тапсырманы орындауға қабілетті деп санаймын.


- Уэльс Астанаға тек жеңіс үшін келді ме?

- Мақсат жеңіс, бірақ Крейг Беллами Қазақстанның осы маусымдағы өнерін жоғары бағалап отыр. Уэльс кімге қарсы ойнаса да, қайда ойнаса да жеңіске жетуді мақсат тұтаты. 

- Егер Уэльс Қазақстанда ұпай жоғалтса, сіздер үшін катастрофа санала ма?

- Тең нәтижені катастрофа демес едім, бірақ топтағы жағдай тым шиеленісіп тұрғанын ескерсек, ұпай жоғалту біз үшін келеңісіз жағдай саналады.

- Матчтан не күтесіз?

- Бұл Уэльс үшін қиын матч болады, оның үстіне екі негізгі ойыншымыз жарақат алып қалды. Стадионда мыңнан астам Уэльс жанкүйері болады, бұл командаға көмектеседі деп үміттенемін. Бірақ Белламидің жетекшілігімен Уэльс құрамасы өзін сенімді әрі шабуылға бейім команда екенін көрсетіп жүр, олар жеңіске жетуге барын салады. Уэльс құрамасы екі-үш доп айырмасымен жеңіске жетеді деп ойлаймын.


Ұлттық құрама Асхат Тағыберген мен Александр Марочкинге құрмет көрсетпек

Ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жарақат алып қалған

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Полиция мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или