Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды
Бокстан 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін әлемдік доданың жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары:
1/4 финал:
+80 келі: Елдана Тәліпова (Қазақстан) — Грейс Бакл (Англия) / Селин Ли-Ло (Жаңа Зеландия) жұбының жеңімпазы.
1/8 финал:
48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) — Лилия Шелецкий (Венгрия) / Лам Хон Ки (Гонконг) жұбының жеңімпазы;
51 келі: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) — Фатма Мансури (Алжир) / Мун Гён (Оңтүстік Корея) жұбының жеңімпазы;
70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) — Тхокчом Суприя Деви (Үндістан) / Дитте Фростхольм (Дания) жұбының жеңімпазы;
75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) — Ванг Лина (Қытай, Әлем чемпионы);
80 келі: Гүлсая Ержан (Қазақстан) — Ивета Лесинските (Литва).
1/16 финал:
54 келі: Элина Базарова (Қазақстан) — Нигина Уктамова (Өзбекстан);
57 келі: Карина Ибрагимова (Қазақстан) — Панагита Кузилу (Грекия);
60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) — Садику Д. (Косово);
65 келі: Аида Әбікеева (Қазақстан) — Анна Луца Хамори (Венгрия).
Айта кетейік, World Boxing ұйымының аясында өтетін тұңғыш әлем чемпионатына 68 елден 554 спортшы (оның ішінде 329 ер, 225 әйел боксшы) қатысады.
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды
Астанада «Қазақстан бокс федерациясының кубогы» турнирінің ширек финалы өтеді
Үш Олимпиада чемпионы Англияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынамақ