«Қазақстан бокс федерациясының кубогы» турнирінің ширек финалдық кездесулері Астанада өтеді

«Қазақстан бокс федерациясының кубогы» турнирінің ширек финалдық кездесулері Астанада өтеді

30 қыркүйек – 4 қазан күндері елордада «Қазақстан бокс федерациясының кубогі» республикалық турнирінің ширек финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеребе тарту нәтижесінде турнирдің бұл кезеңін өткізу құрметі Астанаға берілді. Бұл шешім қаланың бокс саласындағы жоғары ұйымдастырушылық әлеуеті мен аймақтық спортты дамытудағы маңызды рөлін айқындайды.

Турнирге Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының былғары қолғап шеберлері қатысады.

Ерлер 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі:

50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг

Әйелдер 7 салмақ дәрежесінде бақ сынайды:

51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг.

Бұл кезеңде спортшылар Beeline Arena спорт сарайында жартылай финалға жолдама үшін айқасқа түседі.

Астана қаласы сапынан 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпиондары Темірлан Мұқатаев, Бақберген Әлиасқаров және әлем чемпионы Валентина Хальзова және т.б. көшбасшы спортшылар қатысады деп күтілуде.

Үш Олимпиада чемпионы Англияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынамақ

Бақыт Сәрсекбаев Қазақстандағы қазіргі бокс мектебін сынға алды

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі қарашада өтуі мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или