Асу Алмабаев қазақстандық жанкүйерлерге мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Манель Капемен өткен айқастағы жеңілістен кейін жанкүйерлердің сынына қалған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Асу осы сыннан кейін жанкүйерлерге жеңісте де, жеңілісте де бірге болуға шақырды:
«Осы жерге дейін жету оңай болған жоқ. Әркім жеңіске жетіп, елге басы жоғары, туды көтеріп қайтқысы келеді. Барлығы осы үшін бар күшін салады.
Бірақ біздің халық UFC-де жеңу оңай деп ойлайтын сияқты. Мен бес жекпе-жекте жеңдім. Бір ғана Капемен болған жекпе-жекте жолым болмады, бірақ адамдар тек соны айтып жүр», – деп қынжылды спортшы.
Айта кетейік, наурыздың басында Алмабаев (22-3) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 турнирінде Капеге (21-7) техникалық нокаутпен есе жіберген болатын.
Бекзат Алмахан Топуриямен кездеседі
Майкл Биспинг: «Махачев – жеңіл салмақтағы ең ұлы файтер»
Англиялық файтер Волкановскиге қарсы айқас туралы ойын айтты
Ислам Махачев мансабын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады