Бақыт Сәрсекбаев Қазақстандағы қазіргі бокс мектебіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан U-22 құрамасының аға жаттықтырушысы, 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан мен Өзбекстан боксындағы айырмашылықтарды түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Talks YouTube арнасына сілтеме жасап.
— Олар (Өзбекстан) бізге өздерінің боксын таңып берді. Ал біз тоқтап қалдық. Қазақстандық бокс мектебі әрқашан «аяқпен жұмыс істейтінімізбен» ерекшеленген. Қулыққа құрылған финттеріміз болатын. Қазір біз осыны жоғалтып алдық. Ал қазіргі жәй ғана соққы алмасуды мен бокс деп санамаймын. Бокс төбелес емес, ол — өнер. Бұл екі интеллекттің айқасы. Кім кімнен айласын асырады, кім техникалық тұрғыда жеңіп кетеді — мәселе сонда, — деді Сәрсекбаев.
Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев Павлодар қаласында дүниеге келгенімен, бала кезінен Ташкент облысындағы Таваксай ауылында ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. 12 жасынан бастап боксқа ден қойып, жеті рет Өзбекстан чемпионы атанған. 2004 жылы Афина Олимпиадасына іріктеуден өте алмай, кейін Қазақстан атынан өнер көрсетуге шешім қабылдады.
Қазақ боксшысы Головкинді тарихтағы үздік бес боксшы қатарына қосты
Жәнібек Әлімханұлы қарашада Адамеспен жекпе-жек өткізуді ұсынды