Ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жарақат алып қалған

Ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жарақат алып қалған

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Уэльске қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында команда дайындығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Өкінішке қарай, Еркін Тапалов қарбалас кестенің кесірінен жарақат алды. Ислам Чесноковтың да аздаған мәселелері бар. Сондықтан оған қатысты шешімді енді қабылдаймыз. Тағы да клуб бапкерлері мен басшыларына алғысымды білдіремін. Әрқайсысы осы циклге дайындыққа өз үлесін қосты», — деді Әлиев.

Темірлан Анарбековтің де ойнамауы мүмкін:

«Темірлан «Оқжетпеске» қарсы ойында Дамир Маратпен соқтығысып тізесін жарақаттап алды. Сондықтан медициналық тексерістің нәтижесіне назар аударамыз», - деді Әли Әлиев.

Одан бөлек құрамаға қақпашылардан Бекхан Шайзада мен Мұхаммеджан Сейсен шақырту алған еді.

Еске салайық, Қазақстан — Уэльс матчы 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» өтеді.

«Реал» Алматыға негізгі құраммен келеді

«Қайраттың» қос футболшысы Беларусь құрамасына шақырту алды

Юг Станоев: «Бұл жетістікке талай буын армандаған»

«Қайрат» капитаны: «Энфилдтегі атмосфераны сезінгім келеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или