Бекзат Алмахан Илья Топурияның ағасымен кездеседі

Қазақстандық жауынгер Бекзат Алмаханның келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испаниялық Marca газетінің хабарлауынша, Бекзат Алмахан 22 қараша күні Катардың Доха қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінде Александр Александр Топуриямен (6-1, UFC-де 1-0) күш сынасады.
Ақпарат көзіне сенсек, қос файтер де келісім беріп, келісімшартқа қол қоюға аз қалыпты.
Бекзат UFC-де екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Біреуінде жеңіске жетсе, біреуінде жеңілген болатын.
Айта кетейік, 22 қараша күні өтетін кеште тағы бір қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев та өнер көрсетеді. Ол америкалық Алекс Переспен кездеседі.
Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Алматыда октагонға шығады
Ресми: Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақ пен қырғыз файтерлері UFC-дегі жекпе-жек алдында көз арбасты. ВИДЕО