Жаңа маусым қарсаңында Галимов «Барыстың» үздік сұрмергені атанды

28 жастағы «Северсталь» шабуылшысы Николай Чебыкин ҚХЛ маусым алдындағы кезеңінде үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Штаб Хоккеиста» Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Ресейлік форвард 7 (4+3) ұпай жинады.
«Барыс» сапындағы жаңа ойыншы Эмиль Галимов 4 (1+3) ұпаймен көзге түсті.
Еске сала кетейік, ҚХЛ 18-маусымы жұма күні, 5 қыркүйекте, Гагарин кубогының иегері «Локомотив» пен финалист «Трактор» арасындағы Ашылу кубогы матчымен басталады. Тұрақты чемпионат 2026 жылдың 20 наурызына дейін созылып, 182 ойын күнін және 748 матчын қамтиды.
«Команданың бас сәулетшісі». Михаил Кравецтің «Барыстағы» мақсаты белгілі болды
Өскемен хоккейінің түлегі ҚХЛ клубына ауысты
«Барыс» төрт ойыншымен екіжақты келісімшарт жасасты
IIHF Литва хоккей аңызы Миндаугас Киерастың қазасына көңіл айтты