«Барыс» бас бапкерінің командадағы мақсаты белгілі болды

«Барыс» бас бапкері Михаил Кравец команда ҚХЛ маусымына 80-90 пайызға дайын екенін айтты.
Қазақстан Республикасының хоккейден бұрынғы мемлекеттік бапкері Сергей Шавернев ресейлік маманның сөзіне қатысты Prosports.kz сайтына пікір білдірді.
– Оның міндеті – позитив нәрселер айту. Шын мәнінде 80 емес, бәлкім 65 пайыз шығар. Ол – бас бапкер, сондықтан көңілсіз емес, үмітті сөздер айтуы керек. Қазір Михаил Кравец – команданың бас сәулетшісі, команда ішіндегі саясат оған байланысты, – деді белгілі хоккей функционері.
Айта кетейік, «Барыс» екі жолдастық кездесуде новосібірлік «Сибирь» командасынан басым түскен болатын.
Өскемен хоккейінің түлегі ҚХЛ клубына ауысты
«Барыс» төрт ойыншымен екіжақты келісімшарт жасасты
IIHF Литва хоккей аңызы Миндаугас Киерастың қазасына көңіл айтты