Қазақстандық файтер салмақ қуу кезіндегі қызықты сәттермен бөлісті

ММА файтері, «Alash Pride» лигасының чемпионы Асылжан Таскет өміріндегі күлкілі оқиғасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Спортшы үшін ең қиыны — жекпе-жек алдындағы салмақ қуу. Ондай кезде тәтті мен майлы тағам жегің келеді. Қарапайым өмірде бұл жағдай күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ салмақ қуып, ұзақ уақыт өзіңе шектеу қойған кезде қалаған тамақты жеу — нағыз арманға айналады. Бір күні түсімде бөлмеге кіріп, тәтті тамақ жеп жатқанымды көрдім. Сол сәтте өзіме: «Есің дұрыс па, ертең салмақ өлшеу ғой?!» — деп ұрысып, шошып оянып кеттім. Бірақ бәрі түс болып шықты», — деді спортшы Sport+ телеарнасына берген сұхбатында.
Майкл Биспинг: «Махачев – жеңіл салмақтағы ең ұлы файтер»
Англиялық файтер Волкановскиге қарсы айқас туралы ойын айтты
Ислам Махачев мансабын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады