Джокович US Open турнирінде тағы бір рекордтық нәтижеге қол жеткізді

Джокович US Open турнирінде тағы бір рекордтық нәтижеге қол жеткізді

Әлемнің 7-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы Новак Джокович АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сербиялық спортшы ширек финалда әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицтан айласын асырды — 6:3, 7:5, 3:6, 6:4.

Opta статистикалық операторының мәліметіне қарағанда, Новак бір маусым барысында барлық төрт «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына өткен ең жасы үлкен теннисші атанды. Новак Джоковичтің жасы 38-ден асқан еді.

Биыл ол Аустралия ашық чемпионаты, Ролан Гаррос және Уимблдонда жартылай финалдан аса алмаған еді.

Новак Джокович АҚШ чемпионатының финалына шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен таласады. 

— Матчсыз өтетін алда екі күнім бар. Бұл маған жәрдемдеседі. Қазір тап аса тың емеспін. Бірақ екі күннен кейін бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін, — деді Новак Джокович.

Карлос Алькарас US Open жартылай финалына шықты

Попко Италиядағы жарысты сәтті бастады

US Open-2025: Қазақстандық жас теннисші үшінші айналымға шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или