«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Полиция мәлімдеме жасады

Полиция Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» матчына байланысты жанкүйерлерге үндеу жасап, билеттерді сатып алу кезінде аса мұқият болуға шақырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, тәжірибе көрсеткендей, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар белсенді әрекетке көшеді.
Осы орайда полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынады.
«Қала тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз: алдағы матчқа қызығушылықтың артуымен қатар, алаяқтық тізбектердің қаупі де жоғарылайды. Еш уақытта билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет-платформалардан сатып алмаңыз.
Күмән туған жағдайда ресми дистрибьютор кассасына жүгініңіз», - дейді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық деректері анықталған жағдайда бірден «102» нөміріне хабарлау қажет екенін еске салады.
«Шеттетуге қарсымын». УЕФА президенті Ресей мен Израиль спортшыларын жақтады