«Амур» қатарына Өскемен хоккейінің түлегі ауысты

«Амур» қорғаушы Рауль Акмальдиновпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хабаровск клубының баспасөз қызметі мәлім еткендей, келісім бір жылға жасалған. Бұған дейін қорғаушы «Локомотивтен» ауыстырылған болатын.
Қорғаныс ойыншысы хоккейдегі білімін Өскеменде алған. 11 жасқа дейін шабуылшы болып ойнаған. 2014 жылы Ярославльдің «Локомотив» жүйесіне өтіп, толыққанды қорғаныста ойнай бастады.
2018/2019 маусымынан бастап «Локо-Юниор» сапында өнер көрсетті. 2021 жылы НМХЛ Біріншілігінің чемпионы атанды. «Локоның» негізгі жастар командасы сапында барлығы 137 матч өткізген.
ҚХЛ-дегі дебютін 2022 жылы өткізді, лигада 23 матчқа қатысып, бір гол соқты. 2024/2025 маусымында фарм-клуб — «Молот» (ЖХЛ) сапында 63 ойынға қатысып, төрт шайба салып, 21 нәтижелі пас берді. Оның пайдалы әрекет коэффициенті «+19» болды.
«Барыс» төрт ойыншымен екіжақты келісімшарт жасасты
«Барыс» маусым алдында екінші матч қатарынан жеңіске жетті
«Барыс» қызыққан СКА шабуылшысы маусым басталмай жатып клубтан кетпек