Александер Чеферин Ресей мен Израиль спортшыларын шеттетуге қарсы шықты

Александер Чеферин Ресей мен Израиль спортшыларын шеттетуге қарсы шықты

УЕФА президенті Александер Чеферин Ресей мен Израильге қатысты санкциялар туралы айтып, спортшыларды саяси себептермен шеттетуге қарсы екенін жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

— Израиль клубтарын Газа соғысына байланысты жарыстардан шеттету мүмкіндігін қарастырдыңыз ба?

— Қараңыздар, ең алдымен бейбіт тұрғындарға болып жатқан жағдай мені жеке өзімді қатты ауыртады, жаныма батады. Мұны әрі қарай көру мүмкін емес. Екінші жағынан, мен спортшыларды шеттетуді жақтамаймын. Спортшы өз үкіметіне қақтығысты тоқтату үшін не істей алады? Бұл өте, өте қиын.

Қазір ресейлік командалардың шеттетілуі үш жарым жылға созылып келеді. Қақтығыс тоқтады ма? Жоқ. Сондықтан әзірге білмеймін. Айта кету керек, Ресей мен Украина жағдайында саяси қысым өте күшті болды. Ал қазір бұл көбірек азаматтық қоғамның қысымы, өйткені саясаткерлер мұндай жағдайларда өте прагматик болады. Не болатынын айта алмаймын. Әңгімелер жүріп жатыр, бірақ жеке өз басым спортшыларды шеттетудің қарсыласымын, — деді Чеферин Politico-ға берген сұхбатында.

Италиялық қақпашы «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

«Барселонаның» аңыз ойыншысы неміс клубын жаттықтырудан бас тартты

АПЛ-2025/2026 маусымындағы ең қымбат 5 жазғы трансфер аталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или