Муртазали Магомедов UFC келісімшарты үшін Брайан Зурчермен кездеседі

Жеңіліп көрмеген қырғыз спортшысы, OCTAGON лигасының жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Муртазали Магомедов (9-0) UFC-мен келісімшарт сарапқа салынатын жекпе-жекке ресми түрде қарсыласын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
23 қыркүйекте өтетін DWCS 2025 (Dana White’s Contender Series) турнирінде «Қырғыз феномені» кәсіби деңгейде де жеңіліссіз келе жатқан мексикалық файтер Брайан Зурчермен (9-0) октагонға шығады. Бұл кездесудің жеңімпазы UFC-мен толыққанды келісімшартқа қол жеткізеді.
Қызығы, Зурчер соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың маусымында өткізген, сондықтан қырғыз спортшысымен өтетін шешуші кездесуге дейін бір жылдан аса уақыт ресми жекпе-жекке шықпаған болады. Ал Магомедов соңғы рет былтырғы желтоқсанда OCTAGON 67 турнирінде октагонға шығып, бразилиялық Клаудечи Бритоға (14-5) қарсы жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған еді.
Айта кетейік, OCTAGON лигасы бұған дейін UFC-ге тікелей екі қазақстандық спортшыны – Азат Максұм мен Бекзат Алмаханды қосқан болатын.
Еске салайық, OCTAGON лигасының менеджері Сұлтан Жақыпов 2026 жылы әлемнің ең мықты ММА ұйымын толықтыруға үміткер спортшылардың есімдерін атаған еді.
7 қыркүйекте Алматыда OCTAGON 78 турнирі өтеді. Басты жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы уақытша бос тұрған чемпиондық белбеу үшін қазақстандық Богдан Пшебельский (6-2) мен өзбек файтері Саидатохон Нуриддинов (8-3) кездеседі.
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекер компаниясы
Асу Алмабаев: «UFC-де әр жеңіс оңай келмейді»
OCTAGON лигасы алты чемпион UFC-ге баратынын мәлімдеді
Қазақстандық жауынгер өзбек файтерін берілуге мәжбүр етті. Видео