NBA аңызы Джордж Равелинг дүниеден өтті

Ұлттық баскетбол қауымдастығы Даңқ залының мүшесі және бұрынғы бапкер Джордж Равелинг 88 жасында ұзаққа созылған қатерлі ісікпен күрестен кейін өмірден өтті. Бұл туралы оның отбасы мен НБА әлеуметтік желілерде жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1972 жылдан 1994 жылға дейін Равелинг Вашингтон штаты, Айова және Оңтүстік Калифорния университеттерінде бас бапкер болып жұмыс істеді. Сонымен қатар 1984 жылғы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының жаттықтырушылар штабының құрамында болып, команда алтын жүлде жеңіп алды.
2015 жылы Равелинг Нейсмит атындағы баскетбол Даңқ залына енгізілді. Сондай-ақ оның есімі Майкл Джордан мен Nike арасындағы келісімшарт тарихында да аталады. Бұл оқиға спорттық аяқ киім мен жабдықтарды маркетингте бетбұрыс сәт болған еді.