Магеррам Магеррамов: «Қайрат» – «Реал» матчын «Астана Аренада» өткізген әлдеқайда дұрыс

Депутат Магеррам Магеррамов Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» – «Реал» кездесуін Алматыда емес, Астанада өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен бұл матчқа барғым келеді, бірақ өкінішке қарай, 30 қыркүйек - сейсенбі, жұмыс күні, сондықтан бара алмаймын. Мен «Барселонаға» жанкүйермін, бірақ «Реалды» өз көзіммен көру – сирек болатын мүмкіндік», – деді Магеррамов.
Сонымен қатар ол ойынды астанада өткізу қажет екенін айтты:
«Меніңше, матчты «Астана Аренада» өткізген әлдеқайда дұрыс болар еді. Қыркүйек айының соңында Алматыда ауа райының қандай болатынын болжау қиын. Астанада ойынды өткізу керек еді деп ойлаймын. Алматылықтарға бар құрметіммен айтарым, бұл жерде ойынды өткізу ыңғайлырақ болар еді».
«Реал» Алматыға негізгі құраммен келеді
«Қайраттың» қос футболшысы Беларусь құрамасына шақырту алды